Алдағы 3 жылда елімізде 588 мектеп салынады

Тиісті шара орта білім берудегі орын тапшылығы мәселесін шешпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жобасын іске асыру үшін 215 млрд теңге қажет. Бұл алдын ала есептелген шығын. Бүгін үкімет отырысында Қаржы министрі осылай деді. Ерұлан Жамаубаев Президент жүктеген міндеттерді іске асыру жайын сөз етті. Соның бірі құрылыс саласындағы олқылықтар. Мәселені реттеу үшін мердігерлерге қойылатын талап күшейтілмек. Меншікті құрылыс техникасының болуын міндеттеу көзделіп отыр.