Арабтың ірі компаниялары Қазақстанға инвестиция салады

Таяу шығыстағы ірі конгломераттың бірі Қазақстанға инвестиция құюға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндіріс жобасын пысықтап жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясындағы ірі компания басшыларымен кездесуінде айтылды. Президент елдің баламалы энергия көздерін дамытуға да үлкен мән беретінін атап өтті. Тіпті, 2030 жылға дейін қуаттың 30 процентін жасыл энергия көзерінен өндіру жоспары бар екенін жеткізді. Сондықтан Араб компанияларын сутегі өндірісі саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.