Қазақстандықтар газға 7 млрд теңгеден астам ақша қарыз

Қазақстандықтар газға 7 млрд теңгеден астам қарыз.

Берешектің дені Шығыс Қазақстанда. Өңір тұрғындарының қарызы жалпы борыштың 89 процентін құрап отыр. Екінші орында Түркістан тұр. Үштікті Шымкент түйіндейді.

Мамандардың айтуынша, қарыздың көптігі газ тарату ісіне кері әсерін тигізеді. Коммуналдық қызметтер қысқа дайындықты 15 қыркүйекке дейін аяқтауы тиіс. Осы орайда «ҚазТрансГазАймақ» мекемесі қарызды қазір төлеуге шақырып отыр.