Қоғамдық тамақтану орындарына қант жеткізіледі

Қоғамдық тамақтану орындарына қант жеткізіліп, бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіледі.

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен кездесуге қатысқандар осындай шешім қабылдады. Қазір әр кәсіпорынға қажетті қант көлем анықталып жатыр. Бірінші кезекте оның 1 мың тоннасы 3 республикалық шаһарға жіберіледі. Кейін қалған қалалардың тізімі де әзірленеді. Қантты бөліп берудің алгоритмін жергілікті әкімдіктер мен Қоғамдық тамақтану қауымдастығы ойлап табуы тиіс.

Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын арнамыздың эфирінде қант тапшылығына қатысты бейнематериал шыққан. Кәсіпкерлер ахуал реттелмесе, банкроттыққа ұшыраймыз деген болатын.

Жеңіс Өсербай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Ең алдымен, Ауыл шаруашылығы министрлігі Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының тамақтану орындарын қантпен қамтамасыз етеді. Өйткені мұндағы халықтың саны көп. Қоғамдық тамақтану қауымдастығы арнайы тізім әзірлегеннен кейін басқа өңірлер де қантпен қамтамасыз етіледі.