Атыраудағы мұнай зауыты жұмысын қайтадан бастады

Атырау мұнай өңдеу зауыты қалыпты жұмыс режиміне оралды.

Технологиялық желілер мен қондырғылар кезең-кезеңмен іске қосылады. Бір күн бұрын өндіріс орнында төтенше жағдай болып, жұмыс тоқтап қалған еді. Қазір электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді. Жақын арада зауыт тұтынушыларға мұнай өнімдерін жөнелтуді  жоспарлап отыр.

Мұрат Досмұратов, зауыттың бас директоры:

- Зауыт жұмысын қалпына келтіруге тәулік бойы 250-ге жуық жұмысшы тартылды. Қазір бізде 26 мың тонна бензин, 22 мың тонна дизель отыны, төрт мың тонна керосин бар. Бензин мен дизель отынын тұтынушыларға жеткізу 5-6 күнге, керосин бір аптаға жетеді.