«АрселорМиттал Теміртаудың» жұмысы тоқтауы мүмкін

Arcelor Mittal Temirtau-дың жұмысы тоқтатылуы мүмкін.

Егер компания қауіпсіздік шараларын сақтамаса осындай шара қолданылады. Мұны Қарағанды облысына барған Төтенше жағдайлар министрі айтты.

Юрий Ильиннің сөзінше, жыл басынан бері өндірісте жүзден астам қауіпті жағдай  мен 13 жазатайым оқиға болған. Ведомство басшысы кәсіпорындағы қауіпсіздік ерекше бақылауда болатынын атап өтті. Министр компания басшылығымен кездесуде қызметкерлердің жағдайын жақсартуға және оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге шақырды.