Корея елімізге жүк әкелетін бағыттарын қайта қарастырды

Күрделі жаһандық геосаяси жағдайға байланысты Корея Қазақстанға баратын логистикалық бағыттарды қайта қарауда.

Атап айтқанда, Үндістан, Иран және Пәкістан арқылы өтетін жолдар қарастырылуда. Мұндай пікірді Сеулде Азия-Тынық мұхиты зерттеу орталығының директоры Ом Гу Хо білдірді. Сарапшы Корея аймақтары мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселелері қарастырылған форумға қатысты. Жиында Қазақстанның өңірлеріндегі инвестициялық жобалар таныстырылды.

Форумға қатысушылардың пікірінше, медицина Нұр-Сұлтан мен Сеул арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының біріне айналуы мүмкін. Бұл үшін IT-технологияларға негізделген медициналық жүйені алға жылжытып, екі ел арасында кадр алмасу туралы келісімдерге қол қоюды кеңейту қажет. Білім саласындағы жобалар да қарастырылды. Сарапшылар корей университеттеріне Қазақстанда филиалдарын ашуды немесе қазақстандық студенттерді қашықтан оқытуды ұсынады.

Ом Гу Хо, Азия - Тынық мұхиты зерттеу орталығының директоры: 

- Пандемиядан кейін Орталық Азия елдері қаржылық қиындықтарды бастан кешіруде, сондықтан мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларының айтарлықтай өсуі күтілуде. Корей бизнесі осыған назар аударуы керек. Мысалы, Қазақстан мен Өзбекстанда смартқалалар мен смартфермалар сияқты инфокоммуникациялық технологиялар мен цифрлық экономикасы бар жобаларға қызығушылық жоғары. Орталық Азиядағы жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша стартаптар мен жобаларды қолдау қажет.