Статистика: халықтың жұмыспен қамтылуы

Халықты жұмыспен қамтып, әл-ауқатын арттыру Президент жүктеген тапсырмалардың бірі.

Осы ретте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қуатты өңір – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті.

Ведомствоның мәліметі бойынша жыл басынан бері 296 мың адам екі қолға бір күрек тапқан. Оның 163 мыңы  тұрақты жұмысқа орналасыпты. Ал жұмыс іздегендердің 6,9 проценті ұлттық жобалар аясында тұрақты табыс табуға мүмкіндік алды. Кей өңірлердегі маман тапшылығы мәселесін үкімет ерікті түрде көшіру арқылы да шешпек. Осы күнге дейін жұмыс күші тапшы өңірлерге 3,8 мың адам қоныс аударған. Бұл 1 мың 147 отбасы. Олардың ішінде шет елдерден келген 540 қандасымыз бар. Жалпы аймақтар арасында қоныс аударушыларды қабылдау жағынан Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстары көш басында. Ал Қарағанды, Ұлытау облыстары кейін қалған.

ТАҚЫРЫП: ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

7 АЙДА – 296 МЫҢ АДАМ

163 МЫҢ АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

6,9% - ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАР АЯСЫНДА

ТАҚЫРЫП: ЕРІКТІ ТҮРДЕ КӨШІРУ

3,8 МЫҢ АДАМ

1 МЫҢ 147 ОТБАСЫ

ҚАНДАСТАР - 540 АДАМ

ҚОСТАНАЙ, ШҚО

ҚАРАҒАНДЫ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ