Азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқан

Таразда қант тапшы. Ел ішін аралап жүрген «Аманат» партиясының мониторинг тобы осыған куә болды.

Ал жергілікті әкімдік мәселені тез арада шешуге міндеттелді. Шымкентте де олқылық анықталған. Мұнда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасынан асып кеткені байқалды. Бұл ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінде де сүт өнімдері мен көкөніс құны шарықтап тұр. Мысалы, Шығыс Қазақстанда 25 процентке қымбаттаған. Қызығы, Ақтөбеде кей өнімдер орта есеппен 20 процентке дейін арзандаған екен.

Еске сала кетсек, елдегі азық-түлік бағасына партияның 200-ден астам мониторинг тобы бақылау жүргізеді.

Сондай-ақ...