Қазақстанда жемқорлық 25%-ке өсті

Жемқорлыққа елдің еті үйренді десек болады. Биылдың өзінде қу құлқынның құлына айналған 345 қылмыскер сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлығы да қолындағы қаржысын, басындағы билігін асыра пайдаланып, мәселені мәмілемен шешкісі келгендер. Жыл басынан бері елімізде барлығы 1409 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліпті. Бұл көрсеткіш әсіресе ірі қалаларда белең алған.

Мәселен, жемқорлықтың ең жоғары деңгейі – Қарағанды облысында.

Дәлірек айтсақ, елдегі көрсеткіштің 13%-ін осы өңір құрап отыр. Ал Алматы облысы – 8% мен Түркістан 7% еншіледі. Ірі мегополистерде де ахуал ушыққан. Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының көрсеткіштері шамалас. Әрқайсысына 7 проценттен тиесілі.

Жемқорлықтың ең жоғары деңгейі:

Қарағанды облысы – 13,3%                          

Алматы қаласы – 7,8%   

Алматы облысы – 8,8%                                 

Нұр-Сұлтан қаласы – 7,7%

Түркістан облысы – 7,8%                              

Шымкент қаласы – 7,6%.