476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістандағы көрмеге қатысушылар «Алтын сапа» байқауына жолдамадан үміткер

  • 196
  • UPD: 08:52, 05.08.2022

Тамақ және жеңіл өнеркәсіп, қайта өңдеу мен құрылыс өнімдері, өндірістік-техникалық және өнеркәсіп жабдықтары. Отандық тауар өндірушілердің үздік өнімдері Түркістан қаласында өтіп жатқан «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында жұрт назарына ұсынылып, кеңінен таныстырылды.

Өңірдегі үздік тауар өндірушілерді анықтайтын ауқымды шараға алғашында жүзден аса кәсіпкер қатысуға ниет білдіріпті. Алайда байқаудың шарты мен талабына сәйкес, сапалы өнім шығаратын, бәсекеге қабілетті тауар өндірушілер іріктеп алынған.

Шахиста Жалилова, жиһаз фабрикасының өкілі:

- Осымен екінші рет көрмеге қатысып тұрмыз. Қазіргі таңда біз темір орындықтар, асхана жиһазын шығарамыз. Бір күнде 400-500-ге дейін орындық, 150 стол шығады. Сұраныс көп өнімімізге. Қазіргі таңда біз 150 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Көрмеге қатысу арқылы келісім-шарттарымыз көбейіп жатыр.

Бөкейхан Әбішов, сүт өнімдерін шығаратын серіктестіктің бас директоры:

- Байқауға біз бірінші рет қатысудамыз. Бірақ басқа да байқауларға қатысқанбыз. Жалпы біздің кәсіпорын табиғи таза өнім өндіреді. Бұл дегеніміз – болашақ ұрпақ, халқымыз тек таза, адам ағзасына пайдалы сүт өнімдерін тұтынсын деген мақсатпен істеп отырмыз. Бүгінгі байқаудан үмітіміз көп. Халық қалап, жеңіске жетіп жатсақ, алдағы уақытта республикалық «Алтын сапа» байқауына қатыссақ деген үмітіміз бар. 

Жандос Жұмабек, тілші:

- Көрме-байқаудың Түркістанда өткізілуі жергілікті тауар өндірушілер үшін өз қарым-қабілеті мен әлеуетін көрсетуге таптырмас мүмкіндік. Сондықтан жергілікті кәсіпкерлер көрме қонақтары мен қатысушыларына түрлі сүт өнімдері, кондитерлік тағамдар мен халық тұтынатын тауарлар және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын төмен бағамен ұсынып жатыр.

Көрме-байқауға өнеркәсіптік, өндірістік-техникалық және азық-түлік тауарларын өндіретін 80-ге жуық кәсіпорынның түрлі өнімдері қойылды. Олардың көбі бұл байқауға бірнеше рет қатысып отырғандықтан Сапа менеджментінің жоғары стандарттарына ие болды.

Жанна Тілеубекова, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- Бүгінгі күн ауқымды кәсіпкерлердің күні деп айтуға болады. Өйткені өте үлкен іс-шаралар өтіп жатыр. Ол біздің кәсіпорындар мен біздің кәсіпкерлерге өзінің тауарларын көрсетуге мүмкіншіліктері бар. «Үздік азық-түлік тауарлары» болады. Үздік «халыққа арналған тауарларға» арналған аталым бар және үздік «өндірістік тауарлар» аталымы бойынша кәсіпкерлер марапатталады.

Арнайы байқау комиссиясы үш аталым бойынша жеңімпаздарды бүгін анықтайды. Өңірлік іріктеу кезеңінің лауреаттары күздің күні елордада ел Президентінің қатысуымен өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына қатысуға жолдама алады. 

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Қуаныш Әбуов

Хабар 24 телеарнасы