Qazaq Oil компаниясы жанармай құю бекеттерін жаңартып жатыр

«Qazaq Oil» компаниясы ел аумағындағы жанармай құю бекеттерін жаңғыртып жатыр. Қазір 200-ге жуық нысан заман талабына сай жабдықталған. Жолдағы инфрақұрылымды дамыту да қолға алынды. Игі жұмыстардың нәтижесінде сатылым көрсеткіші едәуір артқан.

«Qazaq Oil» логотипі жүргізушілерге ғана емес, жолаушыларға да жақсы таныс. Оның үстіне биыл нысандар қатары тағы 190-ға толықты. Бұл ғана емес, компания жаңа белеске ұмтылып жатыр. Қазір жаңғырған жанармай құю бекеттері халыққа жемісті қызмет көрсетеді.

Нариман Әбілшайықов, «Qazaq Oil» компаниясының атқарушы директоры:

- Бізде 380 АЗС жұмыс жасауда. Соның ішінде 190-ы ребрендинг өтіп отыр. Ребрендинг дегеніміз әлемдік стандарттарға сай заправкаларды ашып отырмыз. Бұл біздің басты басымдық.

Үш жылға арналған жобаға 65 млрд теңге жұмсалады. Ең бастысы, әлемдік талапқа сай жанармай құю бекеттерін ірі қалалардан ғана емес, тіпті ауыл-аймақтағы үлкен жолдар бойынан табуға болады.

Қасиет Шәріпова, жанармай құю бекетінің менеджері:

- Бізде жолаушылар 1500-2000-ға дейін. Күннен күнге олар өсіп отырады бізде. Олардың өздері де айтып кетеді бізге өте жақсы сіздердің заправкаларыңыз деп.

«Нұр-Сұлтан-Петропавл» бағытын бетке алған Қанат сияқты жүргізушілердің көңілі шат. Сапалы бензин, шайынып, тынығу бөлмелері, бастысы жоғары деңгейдегі қызмет көрсету, әсіресе алыс жолдан шаршап келе жатқан жандар үшін қолайлы. 

Қанат Шайымов, жүргізуші:

- Осы заправка маған ұнайды. Әр сайын осында келемін, құямын 92 бензинді. Бензині жақсы. Сервистары жақсы.

Соның нәтижесі болар, қазір жаңғырған бекеттерде сатылым 30 процентке артқан. Компания ұсынған бензин сапасы ай сайын жеке зертханаларда тексеріледі. Мамандар қалған нысандарды 23 жылдың соңына дейін толық жаңғыртуды көздеп отыр. 

Мерей Мұратханқызы, Диас Ковланбаев