Іскерлік туризм қалай дамиды?

Жыл басынан бері Алматыға іскерлік бағытпен 160 мыңнан аса турист келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, халықаралық жиындарға келетін әрбір турист 700 мың теңге қаржысын шығындайды. 1 тамыздан бастап Алматы халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығына мүше. «Енді экономиканың кіріс артады, әрі қалада іскерлік туризм белсенді түрде дамиды», - дейді сарапшылар. 

Қауымдастық рейтингісіне сәйкес, Қазақстан іскерлік туризм бойынша әлемде 79-орында екен. Демек әлі де игеретін істер мен мән беретін мәселе көп. Бірінші кезекте инфрақұрылымды дымыту керек,  - дейді сала мамандары.

Айта кетейік, әлем бойынша іскерлік туризм нарығы 725 млрд долларға бағаланады. Ал, халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығына 88 елдің 950 қаласы мүше.

Бауржан Пазылхайыр, Алматы қаласы Туристік ақпараттық орталығы басшысының орынбасары:

- Бірінші кезекте қонақүй мәселесі, сонымен қатар әуежай мәселесі. Себебі қазіргі әуежаймыздың потенциалы 2,5 миллион жолаушыларға арналған. Бірақ қазіргі таңда 7 миллионға дейін жолаушы қабылдап жатыр. Бұл екі жарым есеге көп. Жаңа терминал салына бастады. 2024 жылы аяқталғаннан кейін әуежайға 14 миллионға жуық жолаушы қабылдай алады бір жыл ішінде. Бұл да іскерлік туризмді дамытудағы инфрақұрылымдық проблемасын шешеді деп сенеміз.