476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Араб инвесторлары Қазақстанда автожол салады

  • 176
  • UPD: 22:08, 11.08.2022
Араб инвесторлары Қазақстанда автожол салады

Араб елінің инвесторлары біздің елдегі республикалық маңызы бар жолдарды жаңғырту ісін қаржыландырып, ірі автожол жобаларын жүзеге асыруға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жайында Премьер-министр Әлихан Смайылов пен ABG компаниясының басшысы Халед Мохаммед Аль Абадидің кездесуінде айтылды. Тараптар Қазақстандағы жол саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Премьер-Министр бүгінде араб инвесторларының біздің елге деген қызығушылығы артып келе жатқанын айтты. Оған таяуда Мемлекет басшысының Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары ықпал еткен. Әлихан Смайылов Қазақстан инвестицияларды қорғау және қолайлы іскерлік ахуалды қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттемелеріне жауапты екенін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы