Еліміздің экспорттық әлеуеті дамып келеді

Тәжікстан қазақстандық тауар өндірушілермен әріптестікті нығайтуға мүдделі. Қазақ экспортпен ынтымақтастық аясында тікұшақ сатып алды. Оны отандық мамандар құрастырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бізде жасалған көліктерге де сұраныс жоғары. Қазақстанда құрастырылған мына тікұшаққа бүгінде сұраныс жоғары. Мұнда 6 адам сыяды. Жоғарғы биіктікті еш қиындықсыз еңсереді. Әрі ауа-райының қолайсыздығына қарамастан басқаруға болады. Әсіресе құтқарушылар үшін таптырмас әуе көлігі. Бағасы 3 млн доллар көлемінде. Осы тектес тікұшақтармен салыстырғанда сапасы мықты.

Амори Симоньян, «Еврокоптер Казақстан Инжиниринг» ЖШС бас директорының орынбасары:

– «Қазақэкспортпен» әріптестік аясында «Сомон Эйр» тәжік әуе компаниясы Қазақстанда құрастырылған Н125 тікұшағын сатып алды. Біз әр 2 жылда бір рет өзіміз шығарған тікұшақтарды тексерістен өткіземіз. Ақау табылса, бірден ретке келтіреміз. 

Қазақстанда жасалған өнімдерге сұраныстың артуына «Қазақэкспорт» компаниясы ықпал етті. Мекеменің көмегімен кейінгі 5 жылда отандық тауар өндірушілер Тәжікстанмен 21 млрд теңгенің келісімін жасады. Ал биыл 7 айдың өзінде 1,2 млрд теңгенің өнімі экспортталды.

Аслан Қалиғазин «Kazakhexport» экспорттық сақтандыру компаниясы» ақ басқарма төрағасы:

– Былтыр Тәжікстанның мемлекеттік «Амонатбанкі» қазақстандық инвест жобаларды тарту үшін алғашқы аккредитивтерін шығарды. Қазіргі таңда «СарыарқаАвтоПром» компаниясымен көлік жеткізу үшін келісімге келді. Уағдаластықтың жалпы құны 296 млн теңге. Арматура өткізу үшін «Евраз Каспиан Сталь» мекемесімен 2 млрд 88 млн теңге, күнбағыс майын экспорттау мақсатында 704 млн теңгенің келісімі жасалды. 

Қазақ экспорт компаниясы жеткен жетістікке тоқмейілсімейді. Мекеме отандық тауар өндірушілерді қолдап, экспорттық әлеуетті дамыта бермек.