Ірі қара ұстайтын қожалық мал азығын үлкен көлемде дайындап жүр

Жауын-шашын аз мөлшерде түсетін жерде де жем-шөп өсіріп, ауыл шаруашылығы кәсібін дамытуға болады. Бұған Ақмола облысында орналасқан «Шуйский-ХХІ» серіктестігі дәлел бола алады. Сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қараларды ұстайтын шаруа қожалығы егістікті суаратын шетелдік қондырғыларды сатып алып, малға қажетті азық қорын үлкен көлемде өздері дайындап жүр.

Ақмола облысына қарасты Шуйский елді мекені. Жазық жердің шөбі шүйгін деп айту қиын. Мал азығын дайындау жылда оңай шаруа емес – дейді, жергілікті тұрғындар. Сондықтан тың технологиялар енгізіліп, жемшөптік дақылдарды өсіру аса маңызды болып тұр.

Мұрат Сәдуақасов, «Шуйский-ХХІ» ЖШС Бас агрономы:

- Ауа райымыз кішкене суровыйлар. Ол орашениясыз болмайды екен. Бізге кормовой культура асырау үшін осындай шешім қабылдадық. Биыл 6 поливальный установка алдық. 550 гектар мінекей кукурузаға салып отырмыз. Сол силос алу үшін сиырларымызға беру үшін. 

Негізі Шуйский серіктестігінде 800 бас ірі қара бар. Соның 300-і жыл он екі ай сүт беретін сауынды сиырлар. Беретін өнімі нәрлі болуы үшін сапалы азық керек. Ал жаңбырлата суармалау технологиясы арқылы фермерлер ірі қараларды еш алаңсыз қажетті жеп-шөппен қамтып отыр.

 

Мұрат Сәдуақасов, «Шуйский-ХХІ» ЖШС Бас агрономы:

- Круговой установка дождевой. Центральный ось айналып жүреді и суарады. Центральный магистраль өзеннен су аламыз. - Силос біз 40-50 центнерден алушы едік алдымызда. Енді қазір биыл уже 100-110 алып жатырмыз гектарынан. Уже полностью қажеттілігімізді жабады.

Тың технологияның тиімділігін көріп отырған серіктестік келер жылы егістік алқаптарында әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп, көкөніс егуді де жоспарлап отыр екен. Осылайша өз қажеттіліктерін өздері жаппақ ойда.

Риат Шони, Жандос Битабаров