Кеденнен өту мерзімі 4 есе қысқарады

2024 жылға дейін "Достық авто", "Достық теміржол", "Майқапшағай", "Бақты", "Қалжат", "Тәжен", "Қапланбек", "Темір Баба", "Атамекен" және "Қазығұрт" кеден бекеттері жаңғыртылады.

Соның нәтижесінде өткізу қабілеті 8 есеге дейін ұлғайып, өту мерзімі 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқарады. Бизнес-процестерді автоматтандыру, кедендік бақылауды орталықтандыру және сыбайлас жемқорлықты жоюға күш салынады. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеден инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды.