Азия нарығында сұйытылған табиғи газдың құны шарықтады

Қазір оның мың текше метрі 57 доларға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін Азия нарығында көгілдір отын осыншалықты қымбат болған емес. Тақырыпты Іскер ньюс айдарында жалғаймыз. Талғатбек бағаның мұншалық шарықтауына не себеп болып отыр?

Азияда газдың қымбаттауына Еуропа нарығыннан сұраныстың күрт артуы әсер етті. Оның үстіне  күздің басталуына он күн қалды. Ал ар жағында қылышын сүйретіп қыс келеді. Сондықтан барлығы жылуға қажетті қор қалыптастыруға кірісіп жатыр. Толығырақ сәлден кейін айтамын. Арма ағайын. Арнадан ауыспаңыз.

АЗИЯДА ГАЗ ҚЫМБАТТАДЫ

Азияның шығысындағы Жапония және Корея нарығында сұйытылған табиғи газдың қазан айында жеткізілетін мың текше метрі 59 долларға дейін көтерілді. Блумберг агенттігінің мәліметіне қарағанда, қос мемлекеттің де қоймалары босауға жақын. Өйткені биылғы жаз ыстық әрі құрғақ болды. Мұздатқыш, салқындатқыштарға қажетті энергия өндіру үшін көп газ жағылды. Енді бұл елдер қыстың қамына кіріспек. Қазірдің өзінде Жапондық, корейлік және тайваньдық ірі газ тасымалдаушылар өнімді жеткізіп беретін компания  іздеп әлек. Яғни нарықта газ шығарушыға талас жүріп жатыр десе болады. Ал бұған дейін осы елдерге газ жеткізіп келген Австралия, АҚШ елдері қазір Еуропаға ауып кетті. Өйткені олар өнімге жоғары баға ұсынып отыр. Сарапшылардың салыстыруы бойынша Азия нарығынан Еуропа нарығы қазір шамамен 20 долларға қымбат. Сондықтан алдағы уақытта кейбір газ өңдеушілер Азия елдерімен келісімді тоқтатып, Кәрі құрлықпен сөз байласуы мүмкін. Мәселен биыл 4 айда АҚШ өз газының 74 процентін кәрі құрлыққа сатты. Былтырғы жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда екі еседей көп.

Р.ЖАҚСЫЛЫҚОВ: ГАЗДЫ ӨЗІМІЗ ӨҢДЕЙІК

Газ мәселесі бізде де бар. Ішкі нарықты көгілдір отынмен қамту үшін кейінгі жылдары ауқымды жобалар қолға алынды. Былтыр Қашаған кен орнында 1 миллиард текше метр газ өңдейтын зауыттың құрылысы басталған. Жоба жүзеге асса 2024 ші жылы мұнай өндірісі тәулігіне 450 мың баррелге дейін артады. Сондай-ақ Маңғыстауда газ өңдеу зауытын салу жоспары бар. Бұған қоса Үкімет Теңіз Шевройл компаниясымен келіссөз жүргізді. Компания экспортқа жіберіп отырған көгілдір отынның 2,6 миллиард текше метрін ішкі нарыққа беретін болды. Десе де мәселе мұнымен шешілмейді. Өзімізді газбен толық қамту үшін Қазақстан жылына 14-15 миллион текше метр көгілдір отын өндіретін зауыт салуы қажет дейді сарапшы.

Рашид Жақсылықов, мұнай сервистік компаниялар одағының төралқа төрағасы:

-Қазақстанның сұранысы қазіргі таңда сұйық газға деген 14 миллиард текше метр. Осы уақытқа дейін біздің Қарашығанақты өніп жатқан газымыз Ресейде өндіріліп жатыр ғой. Ол таза газ өндіретін мекеме. Таза газ алып отырмыз жерден. Ол жерден шыққан бойда ресейге кетеді Орынборға. Сол жерде совет үкіметі салған үлкен газ өңдеу зауыты бар. Сол жерде адам пайдаланатын бутан, пропан шығарады да ары қарай сатады. Біз тура сондай үлкен өзіміздің шекарада жылына 14-15 миллиард текше метр газды өңдеу алатын зауыт салу керек. 

РЕСЕЙДЕ БИДАЙ АРЗАНДАДЫ

Енді астық нарығынан бірер ақпар. Ресейде бидай арзандап барады. Қазір көрші елде орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл мұнда егін бітік шықты, бірақ дихандардың көңілі күпті. Өйткені баға құлдырай берсе, кеткен шығынды жаппай қалады деп алаңдайды. Сондықтан шаруалар кремльге ұсыныс хат жазыпты. Яғни мемлекеттік қорға сатып алатын көлемді ұлғайтып, бидай экспортына БАЖ салығын алып тастауды сұраған. Дихандардың айтуынша, БАЖ салығы бидай құнын төмендетуге өз әсерін тигізіп отыр. Бірақ техинка мен тыңайтқыш кейінгі 8 айда 1,5-3 есеге қымбаттаған. Ал бидай керісінше 18-20 рубльден 12-13 рубльге дейін арзандады. Егер шаруалар осы бағамен сатса пайда таппақ түгілі, тақырға отырамыз деп дабыл қағып отыр. Биліктен бидайдың ең төменгі шекті бағасы келісіне 15 рубльден арзандатпауды сұрады.  Қазақстан валютасына шаққанда 110-115 теңге шамасында