2023 жылы ЖІӨ 4%-ке жетеді

Биыл жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3 пайыздан кем болмайды. Ал 2023 жылы 4 пайызға жетеді. Мұны Премьер-Министр айтты. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында елдің алдағы 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы қаралды. Сонымен қатар 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына қатысты мәселелер талқыланды. Үкіметтің деректеріне сәйкес, жалпы ішкі өнімнің номиналды өсімі биылғы жылы 103,6 триллион-нан 2023 жылы 120,7 триллионға дейін жетпек. Болжам бойынша келесі жылы салық түсімі еселенеді. Содан бюджеттің кіріс бөлігі 10,5 триллион теңгеден 13,5 триллион теңгеге дейін ұлғаяды. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев қаржыны тиімді жоспарлап, дұрыс үйлестіру керек екенін айтты. Мемлекет басшысы кеңесте талқыланған мәселелерді жетілдіру керектігін ескерте отырып, аталмыш жобаларды қолдады.