loader

Елде инфляция бәсеңдеуі мүмкін

Елде инфляция бәсеңдеуі мүмкін

Алдағы екі-үш жылда мұнай арзандап, тұтынушылық инфляция төмендейді. Нарыққа қатысушылар осындай болжам жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, 2024 жылы мұнайдың орташа құны барреліне 75 доллар болады. Ал екі жылдан соң базалық мөлшерлеме 9%-ке дейін төмендейді, келер жыл тұтынушылық инфляция 8,8%-ке дейін түседі деген үміт бар.

Еске салайық, биыл тұтынушылық 15%-тен асты. Сондай-ақ сарапшылар алдағы жылдары теңгенің долларға шаққанда құнсыздануы бәсеңдейді деп отыр. Болжамға сай, қымбатшылықпен күресу үшін биыл базалық мөлшерлемені 13,6%-ке дейін өсіруі мүмкін. Макроэкономикалық сауалнама нәтижелерін Ұлттық банк жариялады.

Сондай-ақ...