Қант өнімділігін арттыру көзделуде

Еліміздегі қанттың 58% шетелден жеткізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, тоқсаныншы жылдардан бастап елдегі қант қызылшасы алқабы 85 мың гектардан 11,6 мың гектарға дейін төмендеп кеткен. Ел бойынша жылына 532 мың тонна шекер тұтынылады. Қазақстандағы қант тапшылығының алдын алу, аталған саланы дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Ал Үкімет басшысы қант зауыттарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету қажеттігін айтты. егіс алқаптарын 11,5 мыңнан 38 мың гектарға дейін, яғни 3 есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл алдағы 5 жылда отандық шикізаттан қант өндіру көлемін жыл сайын 250 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ...