Битум неге қымбаттады?

Жолдың сапалы болғаны жақсы. Оған қажетті құрылыс материалдары да мерзімінде жеткізіліп тұрғаны керек.

Қазір елде битум қымбаттап, жол-құрылыс саласындағы біраз жоба мерзімінен кешікті. Шілде айында Павлодардағы мұнай химия зауытының жөндеуге жабылған еді. Кейін іске қосылған бойда материал бағасы шарықтап шыға келді. Бұл қалай?

Биыл шығыс қазақстанда 75 жол жөндеу жобасы жүргізіліп жатыр. Бұған 11 миллиард теңге қаражат бөлінген. Әзірге 45 жұмыс толығымен аяқталды. Алайда битум тапшылығынан және оның қымбаттауынан құрылысы тоқтап қалған шақырымдар жетерлік. Қиындыққа тап болғандардың бірі Александр Феодосов басқарып отырған жол жөндеу компаниясы. Олар облыстық маңыздағы 18 километр учаскені аяқтай алмай  жатыр.

Александр Федосов, мердігер компания директоры: 

- Біз конкурсты ұтып алғанымызбен екі ай бойы тоқтап қалдық.  Шілдеде Павлодардағы зауыт жөндеуге жабылды деді,ал ашылған соң ондағы өнім бағасы қымбаттап кетті. Салдарынан Бақыршық бағытындағы трассаға 18 километр асфальт төсеу керек едік,әзірге тек үш шақырымды ғана үлгердік.

Өңірдегі салалық мамандар бұдан хабардар. Бірақ қолдан келер қайран жоқ. Әзірге орталық органдарға өлкедегі битумға қажеттілік туралы мәлімет жіберіп, жағдайды реттеуге тырысуда.  Алайда битум бағасын бағындыру мүмкін емес.

Нұрбек Тұраров, ШҚО жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы басшысының м.а: 

- Сметадағы бағамен  шын мәніндегі қазір сатып алып жатқан баға арақашықтығы.Мысалы сметада 110-170 мың қойылса құны 1 тоннаға, қазір мердігер компаниялар нысанға келген кезде 215 мың теңгеге шығып тұр тоннасы,енді мәселе сол бағада болып тұр.

Қазір жол жөндеушілер шығынға батса да, битумды  2 есе қымбат бағамен сатып алуға мәжбүр. Республикалық жолдағы жағдай біраз жеңілдеу екен. Өйткені «Қазавтожол» компаниясы  жаңа механизм енгізіп, мердігерлерді тығырықтан шығаруға тырысыпты. 

Ләззат Стамғазиева, «Қазавтожол» ҰК ресми өкілі:

- Жаңа механизмді енгізді,жаңа механизм аясында тұтынушылар яғни мердігер ұйымдар битумды тікелей еш алып сатарларсыз яғни зауыттардан сатып ала алады.Битум бағасын сметалық бағаға теңестіру де мүмкін болды,бұл дегеніміз бір тонна  битум80 немесе 120 мың теңге арасында. Мәселен бүгінгі таңда бір тонна 105 мың теңге тұрады.Бұл Қазавтожол ұлттық компаниясы енгізген жаңа тетік аясында ұйымдастырылып отырған баға.

Павлодар мұнай химия зауытының  дәп жол құрылысы науқаны қызған кезде жөндеуге жабылатыны жағдайды жыл сайын ушықтырады. Сондықтан мәселе осы сұрақтан бастап шешілсе дейді сарапшылар. Ал битум бағасы енді қайта түсе ме,ол жағы әлі белгісіз.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Сондай-ақ...