loader

Cолтүстікте сары май өндірісі артты

Cолтүстікте сары май өндірісі артты

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы үш жылда сары май өндірісі бір жарым есеге артты.

Жыл басынан бері өңірде 3 мың тоннаға жуық дайын өнім шығарылды. Қазір ол жергілікті нарықты толық қамтып, артылғаны басқа аймақтар мен Ресей еліне экспортталады. Соңғы жылдары облыс бойынша заманауи тауарлы – сүт фермалары ашылып жатыр. Бұл өз кезегінде қайта өңдеу саласына тың серпін беріп, сүт өнімдерінің артуына оң ықпал етті. Ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі таңда бір ғана сары майдың өзін 14 зауыт шығарады.

Мейрам Меңдібаев, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

- Өңірде соңғы төрт жылда 22 тауарлы – сүт фермасы іске қосылды. Қазір тағы 17-сі салынып жатыр. Бұл сүт өңдеу кәсіпорындарының толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Облыс бойынша жылына 600 мың тонна сүт өндіріледі.

Сондай-ақ...