loader

Ақмола облысында биыл 400 млн астам жұмыртқа өндірілген

Ақмола облысында биыл 400 млн астам жұмыртқа өндірілген

Ақмола облысында жыл басынан бері 400 млн данадан астам тауық жұмыртқасы өндірілген.

Бұл аймақ тұрғындарының қажеттілігінен 4 есеге көп. Бұған мемлекеттік көмек сеп болған. Естеріңізде болса, биыл жазға таяу құс фабрикалары, «халіміз мүшкіл» - деп дабыл қаққан болатын. Оған жемнің күрт қымбаттауы мен субсидияның жойылуы түрткі болған еді. Ал қазір олар жағдай тұрақталды, - деп отыр. Себебі, субсидия оралып, арзан жем табылған. Мәселен, облыстағы жұмыртқа өндіретін кәсіпорындарға Үкіметтен 1 млрд теңгеден астам қаржылай көмек көрсетілген. Одан бөлек мемлекет, 4 жарым мың тонна бидайды нарықтағыдан 25 процентке арзан бағада сатып алуға жағдай жасаған. Осылайша құс фабрикаларының жұмысы қалыпқа келтірілді, - дейді, мамандар.

Қайрат Көшенов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі:

- Одан басқа етті бағыттағы құс фабркиалары жұмыс істеп тұр. Бұл өнім бойынша біздің облыс 1-орында деуге болады республикада. Жаңадан ашылып жатқан құс фабрикалары бар. Сол себептен қазіргі таңда құс еті бойынша, жұмыртқа бойынша да ешқандай алаңдаушылық жоқ. Жұмыс жасап тұр бәрі.

Сондай-ақ...