Елімізде өндіріс орындары көбейеді 

Қазір елдегі өндіріс орындарын мүмкіндігінше көбейтіп, ішкі нарықта қажетті өнімдермен қамту маңызды. Ал бұл үшін сырттан инвестиция тарту қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы да сала басшыларынан осыны талап етіп отыр. Әсіресе, индустрия саласы мен жер қойнауындағы байлықтарды тиімді игеру керек. Осы орайда, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев алдағы жылдары елімізде қанша зауыт салынатынын айтып берді. Оның айтуынша, Қазақстан Орталық Азияда инвестиция тарту жұмыстары бойынша көш бастап келеді. Тпті пандемия кезінде де елге қаржы құйғандар саны артқан.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

– 700-ден астам жаңа зауыттарды осы 2025 жылға дейін ашамыз деп көздеп отырмыз. Оның кемінде 158-і биыл ашылады. 60-тан астамы ашылды.