Бизнеске қойылатын жаңа талаптарды енгізуде мұқият болу керек – Ә.Смайылов

Мемлекеттік органдар бизнеске қойылған негізсіз талаптардың күшін жоюда сылбыр. Бұл туралы Үкімет басшысы «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылауды автоматтандыру жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық экономика министрінің мәліметінше, 22 мыңнан астам талаптың 17 проценті жаңа реттеушілік саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмеген. Салдарынан олардың күші жойылады немесе қайта қаралады. Қазір тағы жеті сала бойынша талдау жалғасып жатыр. Әлихан Смайылов бизнеске қойылатын жаңа талаптарды енгізуде өте мұқият болу керектігін айтты.