Түркістан облысында дизель отынын шектеулі түрде сатып жатыр

Түркістан облысында бақша өнімдерін жинауға кіріскен шаруалар дизель отынының тапшылығына наразы.

Айтуыларынша жанармай құю бекеттері тек лимитпен сатып жатыр. Ал кейбір стансалар сұйық отынның жетіспеушілігінен бағаны шарықтатып жіберген. Қазығұрт ауданында шаруа қожалығы жиын-терім науқанында жеңілдетілген дизель отынынан қағылды. Нұрболат Құралов енді дайын өнімді уақытылы теріп алу үшін нарықтағы бағамен сатып алуға да әзір. Бірақ авто жанармай бекеттерінде ұзынсонар кезек көп.

Нұрболат Құралов, шаруа қожалығының атқарушы директоры:

- Салярканың құнын өздеріңіз көріп жатсыздар. Кешелі бері 450-500 теңгеге дейін болып жатыр. Арзандатылған салярканы біз өз уақытында алғанбыз. Ал қазір жиын-терім уақытында менің лимитім бітіп қалды. Лимит біткеннен кейін нарықтағы бағамен алуға мәжбүрміз. Ал басқа кіші шаруалар өте қатты қиналып жатыр.