ЕҚДБ елімізде жаңа жобаларды қаржыландырады

Еуропа қайта құру және даму банкі елімізде жаңа жобаларды қаржыландырады.

Бұл бағыттағы жұмыстар басымдықтарымыздың бірі, деді банктің вице-президенті Алан Пию.

Бұл жайында Қазақстан Премьер-Министрімен кездесу кезінде айтылды. Алан Пию мен Әлихан Смайылов өзара іс-қимыл жоспарлары мен алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Еуропа қайта құру және даму банкі 2060 жылға қарай Қазақстанда экономиканы декарбонизациялауға көмектеседі. Вице-президенттің айтуынша, Алматы 2-жылу энергетикалық орталығын көмірден газға көшіру осы бағыттағы ең ірі жоба болмақ. Банк елімізде басқа да инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға дайын. Айта кетейік, 30 жыл ішінде елімізде еуропалық қаржы ұйымымен бірлесіп, 10 млрд доллардан астам қаражатқа 300 жоба іске асырылды.

Сондай-ақ...