523 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Елімізде экономикалық қылмыстарды тергеп-тексерудің нәтижесінде 523 млрд теңге мемлекет пайдасына өтелді, деп хабарлайды «хабар 24».

Бұл Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның соңғы 3 айда жүргізген жұмысының қорытындысы. Комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің хабарлауынша, аталған сомаға шетелдік юрисдикциялардан елге қайтарылған 173 миллион АҚШ доллары кіреді. Сонымен қатар 75 мың гектар жер, 600-ден астам теміржол учаскесі мемлекет меншігіне өтті. Бас прокуратура жүргізген тексерулердің нәтижесінде 10 уәкілетті экономикалық операторға 107 млрд теңге көлемінде кедендік салықтар қайта есептелді. Олигополия меншігіне өткен бірқатар объектінің сату-сатып алу шарты жарамсыз деп танылды. Олардың қатарында астаналық «Шапағат» базары, Шымкенттегі «Таза қала» қоқыс өңдеу кәсіпорны бар.

Сондай-ақ...