Елдегі автокөлік нарығы тұралап тұр

Биыл елдегі тұтынушылық импорт 8,6%-ке өсуі мүмкін. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов қысқа мерзімге арналған болжам аясында осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық өндірістің болмауы салдарынан ішкі қажеттіліктер жылдан-жылға артып жатыр. Ресми автокөлік импорты 2016 жылғы 417 млн доллардан былтырғы 1,3 млрд долларға, яғни үш есе өсті. Банк өкілі автокөлік нарығының кеңеюіне ЕАЭО елдерінен және жеке тұлғалардың темір тұлпарды Ресейден бейресми түрде әкелуі әсер еткенін айтады. Ұлттық банк осындай көлеңкелі импортқа баға берген. Оның нәтижесі қазан айында жарияланады.