Машина жасау үлесі екі есе артты

Жаһандық сауданың 40 проценті және отын-энергетиалық тауарлардың 11 процент үлесі машина жасау саласына тиесілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қарқын бізде де байқалады. Соңғы 11 жыл ішінде жоғарыда аталған өнеркәсіптің ел экономикасындағы үлесі шамамен 2 есе артты.

Мейрам Пішембаев, Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы:

– Машина жасау саласының Жол картасын іске асыру шеңберінде өткен жылы жалпы өндіріс 1,1 трлн теңгеден 2,3 трлн теңгеге жетті. Биылғы жылы біз 3 трлнға дейін жетіп қаламыз деп жоспарлап отырмыз.

Алайда мәселелер де жоқ емес. Мысалы, мұнай-газ өндірісіне қажет машина жасау саласында Қазақстанның импортқа тәуелділігі 80 процентке жуықтайды. Екінші проблема орта және шағын кәсіпкерлік иелеріне жеңілдетілген несие беру бағдарламасын әзірлеу.

Өмірсерік Ержанов, Қазақстан машина жасаушылар одағының атқарушы директоры:

– Үкімет басшысы айтып өтті, жеңілдіктер көзделеді, болады деді. Биылға 285 млрд теңге бөлінген. Келесі жылы 300 млрд теңге бөлінеді. Соның ішінде орта бизнеске субсидия болады. Ал шағын бизнеске оларға 3 процентпен несие беру үшін көмек көрсетіледі.

Бұл мақсатта Өндірістік қорлардан 50 млрд теңге қарастырылған. Жалпы саланың негізгі капиталына құйылған инвестициялар көлемі шамамен 3 есе өсіп, 620 млрд теңгені құрады. Оның ішінде...

Мирлан Алтынбек, тілші:

2010-2021 жылдар аралығында машина жасау саласына 2,5 млрд.доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Өсім 1,7 есе яғни 146-дан 245 млн долларға дейін жетті.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ербол Даиров