loader


БҚО-да 181 млрд теңгенің тауары импортталған

Жыл басталғалы бері Батыс Қазақстан облысы аумағына Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 181 млрд теңгенің тауары импортталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде бюджетке 21,6 млрд теңге түскен. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы брифингте баяндады. Ресейден бидай мен қант тасымалдау жұмысы қайта жанданды. Облыста 6 шекара бекеті бар. Соның ішінде «Сырым» өткізу бекеті, жүк көліктерінің ағыны жағынан республика бойынша көшбасында тұр. ЕЭО елдеріне 40 млрд теңге шамасында тауарлар экспортталды. Биыл салада жүргізілген мониторинг барысында заңсыз тауар тасымалдауға қатысты 82 дерек тіркелген.

Бауыржан Айнабеков, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

– Соның ішінде түсті және қара металл сынықтарын шығару бойынша 9 дерек, мұнай өнімдерін шығаруға қатысты 69 дерек тіркелді. Қалғаны ағаш материалдары, пластикалық этилен қалдықтары және ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдауға қатысты болып отыр.

 

Сондай-ақ...