Елімізде мұнай өндірісі төмендеуі мүмкін

Елімізде мұнай өндірісіндегі соңғы 10 жылда болмаған ең төменгі көрсеткіш осы айда тіркелуі мүмкін.

Қазақстанның энергетика саласы бойынша аналитикалық порталы «Энерджи монитор» осындай болжаммен бөлісті. Хабарламаға сай тамызда 5,1 млн тонна мұнай өндірілді. Жалпы соңғы 10 жылда көрсеткіш тек екі рет төмендеген. 2016 жылғы тамызда шамамен 4,3 млн тонна және 2022 жылғы маусымда 4,9 млн тонна. Оған Қашаған кешеніндегі зауытішілік ақаулар себеп болды. Бұл Қашағандағы мұнай өндірісінің 3,5 есеге төмендеуіне алып келді. Екінші Қарашығанақ кешенін жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары. Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығының мәліметінше, жыл басынан бері орташа тәуліктік мұнай өндіру көлемі 228 мың тонна болды. Осындай қарқын сақталған жағдайда жыл  соңында бар болғаны 83 млн тонна мұнай өндіріледі. Ал жоспар бойынша  85,7 млн тонна қара алтын өндіру керек. Бірақ сарапшылар қалған үш айда жоспарлы көрсеткішке жету екіталай деген пікірде. «Сондықтан Энергетика министрлігі мұнай өндіру жоспарын екінші рет қайта қарауға мәжбүр болады», – дейді олар.