Депутат: Криптовалюта төлем құралына айналмайды

Майнингтік мекемелер тек «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында ғана шоғырлануы мүмкін. Қазір онда пилоттық жүйеде криптобиржалар жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ криптовалюта ел аумағында төлем құралына айнала алмайды. Мәжіліс депутаттары арнайы заң жобасын әзірлеп, осындай жаңашылдықтарды енгізуді көздеп отыр. Бүгін құжат комитет отырысында қаралды. Криптовалютаға тыйым салғанша саланы дамытудың экономикалық тиімділігі жоғары дейді,- халық қалаулылары. Мәселен, жылына 500 мегаватт энергия жарату арқылы 2028 жылға дейін 600 млрд теңге пайда табуға болады. Әрі қазынаға салықтық түсімдер көптеп құйылады.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Криптовалюта индустриясы салық түсімдерінің, жұмыс орындары мен жаңа технологиялардың қайнар көзіне айналуы тиіс. Индустрияны дамыту арқылы Қазақстан аумағында жоғары технологиялық қондырғылар мен дата орталықтарын қалыптастырамыз. Онда криптовалютамен қатар блокчейн технологиясына негізделген салалық шешімдерді де өндіруге болады.

 

Сондай-ақ...