Сұйытылған газдың бағасын көтерген компания тергеліп жатыр

Сұйытылған мұнай газына жоғары баға белгілеп, оны тиеп-сақтауға көрсетілген қызмет құнын асырған.

Бұл туралы премьер-министрдің қатысуымен өткен экономиканы демоно-полизациялау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Осылайша монополия тұрғысынан үстемдік жағдайын пайдаланғаны үшін "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" серіктестігіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Дәл осындай қитұрқы әрекетке барған ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы да тергеуге ілінген. Бұл жөнінде отырыс кезінде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров үкімет басшысына жеткізді.