Елімізде инфляция деңгейі шарықтады

Біздің елде инфляция көрсеткіші 17,7 пайыз. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

Оған азық-түлік, тауар және ақылы қызметтердің қымбаттауы тікелей әсер етіп отыр. Осы орайда Ұлттық банк ай соңында базалық мөлшерлемені өсірмек. Салдарынан қаржы ұйымдары ставканың үстіне тағы пайыз қосып, өздерінің несиелік мөлшерлемесін бекітеді.

Мақсат Халық, экономист:

- Ұлттық банк базалық ставканы көтереміз деп отыр. Бірақ ол қысқа мерзімді шара. Ертең оны өсіретін болса, несие қымбаттайды. Бизнес қымбат несиені алмайды. Алмаса, іскерлік белсенділік тежеледі. Оның осындай теріс салдары бар. 

Сарапшылардың айтуынша, тауар өндірісін реттеу - инфляцияны тежеудің бірден бір амалы. Онсыз жаңа жұмыс орындары ашылмайды және баға шарықтай береді. Нәтижесінде экономика толық құлдырауға ұшырауы мүмкін.

 

Мақсат Халық, экономист:

- Қатты инфляция болған кезде жаңа жұмыс орындары ашылуы керек. Өйткені тауарын қымбатқа сатып отырған кәсіпкер жұмыс орындарын ашады. Бізде бұл процесс орындалмай жатыр. Қымбатқа сатады бірақ табысы көп емес. Қауіп бар. Ол кәсіпкерлер шығынға ұшырамау үшін жұмыс орнын қысқартуы мүмкін. Қазірдің  өзінде қымбатшылық бар. Сонда стагфляциия болады деген қауіп бар.