Бизнесті дамыту үшін тұрақтылық керек

Бизнесті дамыту үшін тұрақтылық керек. Алматылық кәсіпкерлер осылай дейді.

Мегаполиске жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев индустриялық аймақта болып, ондағы өдіріс орындарын көрді. Мемлекеттік кірістер департаментінде тұрғындармен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Жоспардан тыс аудиттік тексеру жасауға не түрткі болады? Жеке азаматтардың банкроттығы туралы заң қалай әзірленіп жатыр? Ұлттық қор табысынан балаларға ақша аудару тетіктері қалай жүргізіледі? Жиналғандар осындай сұрақтарға жауап алды. Ерұлан Жамаубаев ел экономикасын дамыту үшін ең алдымен бизнеске жағдай жасау қажеттігін, ал тұрғындар көтеріп отырған мәселелер көп күттірмей іске асатындығын жеткізді. 

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Қаржы министрі:

- Бизнеске тұрақтылық керек. Олар айтып жатыр заңның аяcында тұрақтылық болса, Салық кодексіне көп өзгерістер енгізбесеңіздер, сатып алу туралы заңға қайта-қайта өзгеріс енгізбесеңіздер. Бізге бір түсінікті жүйелі саясат болса дейді. Бұл біріншіден. Екіншіден олар инфраструктура керек дейді.