Премьер-министр ҚТЖ компаниясына қатысты кеңес өткізді

Премьер-министр ҚТЖ компаниясына қатысты кеңес өткізді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан "ҚТЖ" компаниясын ұлттық көлік-логистикалық компанияға трансформациялау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Халықаралық транзиттік маршруттар мен өңірлік сауда хабтарын дамыту жөніндегі қызметін кеңейтетін трансформациялау жоспары таныстырылды. ҚТЖ теміржол, авто және теңіз көлігін тарта отырып, мультимодальды тасымалдауды ұйымдастырумен және жүктерді жинақтау орындарында логистикалық қызмет көрсетумен айналысатын болады.