Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы. LIVE

Биыл алғашқы 8 айда ел экономикасының өсімі 3,2% болды. Негізгі көрсеткіштер өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс сынды салаларда байқалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 5,7% артқан. Қаңтар-тамыз айларында мемлекеттік бюджетке 10 трлн 85 млрд теңге кіріс түсіпті. Ал енді 9 айда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы қандай болды? Ол жайында қазір Үкімет үйінен тікелей эфирде әріптесім Риат Шони айтып беретін болады.