loader

Шымкентте қайта өңдеу саласының жоспары бекітілді

Шымкентте қайта өңдеу саласының жоспары бекітілді

Жобаның алғашқы кезеңінде ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін алты өнеркәсіп кешені салынады.

Алдағы екі жылда жеміс пен көкөніс, сүт өнімдері, өсімдік майы мен астықты қайта өңдейтін  зауыт іске қосылады. Осылайша ішкі және сыртқы нарыққа шикізат емес, дайын өнім саудаға шығарылады, дейді мамандар. Жоба «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағында жүзеге асады. Онда инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізіліп, кәсіпорындарды газ, су, жарықпен қамту ісі қарқын алды. Мамандар бұл аймақты іске қосу үшін пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет мұқтаждығы үшін қайтарған. Ағымдағы жылы шикізат тапшылығына байланысты ісі тұралаған тағы бір кәсіпорын өз жұмысын қайта бастады. Нәтижесінде ауылшарушылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 2,3% -ке өсім байқалды. Жалпы ішкі және сыртқы нарыққа 75,6 миллиард теңгенің өнімі саудаланды.   

Қайрат Базарбеков, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгінгі таңда бұл жерде қаламыздың ірі кәсіпорындары қызығушылық танытып отыр. Жалпы сомасы 7 миллиард теңгені құрайтын 6 жоба осы жерде қайта өңдеу саласын дамытуға ұсыныс беріп отыр. Сонымен қатар олар жер телімдері мен инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ...