loader


Қазақстанның Катарға экспорт көлемін арттыру көзделді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен шағын құрамда келіссөз өткізді.

Екі елдің басшылары өзара сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салада ынтымақтастықты арттыру жолдарын талқылады. Қазір Қазақстанның Қатарға экспорт көлемі 3 млн доллар ғана. Осыны 250 млн долларға дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұл үшін барлық мүмкіндік бар. Арабтар Қазақстанда мал шаруашылығын дамытпақшы. Ал еліміз Қатарға азық-түлік экспортын ұлғайтуға ниетті. Келер жылы Қазақстан мен Қатар арасындағы дипломатиялық байланыстың орнағанына отыз жыл толады. Екі ел стратиегиялық серіктестік орнатуға уағдаласқан. Президент осы ықпалдастықты арттыруға және әлемдегі бейбітшілік пен  тұрақтылықты қамтамасыз етуге Қатар әмірінің қосқан үлесін атап өтті. Одан соң елдегі ең жоғары мемлекеттік награда саналатын «Алтын Қыран» орденін табыс етіп, шақыртуды қабыл алғаны үшін алғыс айтты. Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни де Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

– Жоғары мәртебелі шейх Тәмим мырза, өзіңізбен Қазақстанда кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Менің шақыруымды қабыл алып, мемлекеттік сапармен Қазақстанға келгеніңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Біз бүгін екіжақты қарым-қатынастың ең маңызды мәселелері бойынша тиісті уағдаластықтарға қол жеткіземіз. Біз үшін Қатар Мемлекеті Таяу Шығыстағы ең маңызды серіктес. Сондықтан қарым-қатынасымызды одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерімізді саламыз, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ...