Қазақстан Вьетнамға 90 түрлі тауар жеткізуге ниетті

Осылайша экспорт көлемін 500 млн-нан астам долларға ұлғайту жоспары бар. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов вьетнамдық вице-президентпен кездесуінде жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Во Тхи Ань Суанмен арадағы келісімде сауда, көлік тасымалы, туризм, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жалпы қос елдің арасындағы сауда айналымының қарқыны жаман емес. Соңғы 7 жылда алыс-беріс екі есеге артқан. Бүгінгі кездесуде қос елдегі туризмді дамытудың жолдары сөз болды. Қазақстандық азаматтардың Вьетнамға визасыз өту мүмкіндігі айтылды.