Ұлттық компаниялар үкіметке есеп береді

Ұлттық компаниялардың аста төк қаржы саясатына тексеріс күшейеді.

2024 жылдан бастап елде квазимемлекеттік секторлар парламентке жалпыұлттық есеп беретін болды. Олар әр жыл сайын жұмсалған қаражат пен атқарған жұмысын баяндайды. Қазір заңнамаға түзетулер әзірленуде. Бұл сала реформаның алдында тұр. Жалпы ұлттық компаниялардың қаржы саясатына қатысты өзгерістер мұнымен шектелмейді. Ішкі мемлекеттік аудит комитеті келер жылы бірнеше мекеменің шығынын тексермекші. Алайда қаржы ресурстарының көлеміне байланысты мұны толық орындау мүмкін емес. Биыл аудиторлар алты компанияның жұмысынан олқылық тауып, 387 миллиард теңгеге жуық қажетсіз шығынды анықтаған. Материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды.