Түркістанда жиһаз өндірісі өркендеп келеді

Түркістан қаласында жиһаз өндірісі өркендеп келеді.

Бүгінгі күні шаһарда осы бағытта өнім шығаратын 30-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 15-сі ірі болса, қалғандары шағын цехтар. Бүгінгі күні бұл кәсіпорындарда 2 мыңнан астам адам еңбек етіп, 200-ге жуық жиһаз түрін шығарады.

Түркістандағы индустриалды аймақта орналасқан мына жиһаз зауыты 2006 жылы ашылған. Алғашында шағын ғана цех болып құрылыпты.  Қазір кәсіпорын кеңейіп, 200-дей адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бірақ қажетті шикізатты Ресей мен Қытайдан тасымалдайды. Бірақ соған қарамастан өткен жылы 2,5 млрд теңгенің өнімін өндіріп, жиһаз түрін де көбейткен.                                                                                               

Камал Юлдашев, кәсіпорын басшысының орынбасары:

- Бүгінгі күні 200-ден астам әртүрлі жиһаз шығарамыз. Оның ішінде жатын бөлмесіне арналған төсектің 20 шақты түрін шығарамыз. Ас үй жиһазы, балалар төсегін, прихошка, түрлі шкафтар, ас үй столдарын, жаздық столдарын шығарып жатырмыз.

Жиһаздардың сапасы Түрік пен Италияның өнімінен кем емес дейді мамандар. Сондықтан сұраныс та жақсы. Оның үстіне барлығы заманауи технологиямен жасалады. Қазір дайын өнімді еліміздің барлық аймағына жөнелтіп жатыр. Өткен жылы Түркістан қаласындағы жиһаз шығаратын кәсіпорындар 4,5 млрд теңгенің өнімін өндірген. Ал биылғы жылдың 9 айында 3,5 млрд теңгенің жиһазын шығарыпты. Кәсіпкерлер өз өнімін өткізу үшін түрлі халықаралық кормелер мен форумдарға қатысып, жарнама жасайды. 

Тәжірибе алмасу үшін Түркияға барып, оқып келіп жатқандары да бар. Оған мемлекеттің қолдауын қосыңыз.

Талғат Қыдырбаев, қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы:

- Бұл мекемелерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдік бағдарламалар ол 4-6 пайыздық жеңілдетілген несиелер. Көрсеткен өнімдері бар. Соның бәрін мемлекет ескеріп, несие беріп отыр. Оны азия брендте, грант миксте алып отыр.

Қала билігі шаһардағы барлық жиһаз кәсіпорындарын бір жерге шоғырландыру үшін алдағы уақытта оларға индустиалды аймақтан жер бермекші. Сөйтіп, үлкен кластер құруды жоспарлап отыр.

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш