«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына айыппұл салынады

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ милиардтаған айыппұл салынады. Бұл туралы экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов айтты.

Кейінгі 3 жылда аталған компанияға экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынған. Аталған ведомство министрі Серікқали Брекешев компанияға келесі жылға экологиялық рұқсат берілмеуі мүмкін деді.

Зулфухар Жолдасов, ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі комитет басшысы:

- Миллиардтың үстінде штраф дайындап жатырмыз. Арнайы шараларды орындамай жатқаны бар. Осы жылы 30 пайызға лимиттерін азайттық. Осы жылы 250-ден 210 мыңға азайтуға жобалап отырмыз. Келіспесе жұмысты тоқтатуға министр айтқандай шешім шығарамыз.

Сонымен қатар Астанадағы жер үйлерде 2025 жылдан көмір жағуға тыйым салу керек. Бұл ұсынысты елорда халқымен кездесуінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты. Себебі осы жылға дейін қаланы толық газдандыру жұмысы аяқталуы тиіс.