Атырау мен Маңғыстауда жасыл сутегі өндіретін кәсіпорындар ашылады

Ел Үкіметі мен шетелдік Fortescue Future Industries компаниясы Египеттегі климат саммитінде тиісті келісім-шартқа қол қойды.

Осы жобаның арқасында 8 жылда ауаны ластайтын газ көлемін 15 процентке азайту көзделген. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, барлық жоспар орындалса, Қазақстан таза отынның бұл түрін экспортқа шығаратын 10 елдің қатарына кіре алады. Алдағы уақытта біздің мемлекет декарбондау саясатын жүзеге асыру үшін тағы да қомақты инвестиция тартпақ.

Алмас Айдаров, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Бұл жобаның мақсаты алдағы 5-7 жыл ішінде Қазақстанда жасыл сутегіні өндіру. Австралияның компаниясы Қазақстанға кем дегенде 50 гигаватт стансасын салып, жасыл сутегін өндіріп, оны шетелге сату. Комиссия қол қойған құжатқа сәйкес Қазақстан әлемдегі 10 үлкен сутегі жеткізуші болып табылуы мүмкін. Үлкен территория, жақсы жел, күн бар. Сол себепті осы жылы жасыл сутегін шығару мүмкін болып табылады.