Қ.Тоқаев Атырау облысында газ-химия кешенін ашты

Осы облыста бүгін газ-химия кешені ашылды. Кәсіпорынды Президент іске қосты.

Енді бұл жерде Теңіз кен орнының шикізаты өндіріледі. Яғни пропан полипропиленге айналады. Сөйтіп жылына 500 мың тонна өнім алынады. Бұл тым көп. Әлем бойынша полипропиленнің 1 пайызы енді біздің елде шығарылады. Мұндай кешен Сауд Арабиясы, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея және Қытай сынды 5 елде ғана бар. Осы кезге дейін солардан импорттап келдік. Енді Атыраудағы кәсіпорын еліміздің полипропиленге деген сұранысын толық өтейді. Әрі тауар Түркия, Қытай, Еуропаға экспортталады. Полипропилен құрылыс, медицина, автомобиль құрастыру, тамақ өнеркәсібі секілді салаларда қолданылады. Атырау өндіретін, бірақ өңдемейтін өңір еді. Тонналаған мұнай игергенмен, бұйым жасауға қауқарсыз болатын. Тіпті шылапшын шығаруға қажет шикізат шетелден жеткізіліп жүрді. Ол олқылықтың енді орны толады. Алып кәсіпорында 630 адам еңбек етеді. Солармен бүгін Мемлекет басшысы кездесіп, кәсіпорынға бағасын берді.