Атырау облысында «Күміс жас» жобасы аясында 22 адам жұмысқа орналасты

Солардың бірі Нариман Уәлиев. Зейнетке шығуына бір жыл қалған тұрғын жұмысқа тамыз айында орналасыпты.

Қазір шаһардағы мекемелердің бірінде күзетші болып жұмыс істейді. Зейнет жасына таяған жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамтып, сол арқылы зейнетақы мөлшерін көбейту мақсатындағы жобаны мемлекет субсидиялайды. Яғни жұмысқа тұрған азаматтың жалақысының 50 процентін мемлекет төлейді. Ал қалған бөлігі жұмыс берушінің мойнында. Бұл жобаға қатысатындардың санын жыл соңына дейін 34-ке жеткізу жоспарланып отыр. 

Азамат Мәмбетов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы: 

- Күміс жасқа кімдер қатыса алады? Яғни ең бірінші зейнеткерлік жасқа жетер алдындағы 2 жыл бұрын жұмыссыз қалған азаматтар қатыса алады. Келесі жылдан бастап бұл шараны министрлік ұлғайтып жатыр. Яғни, биыл әйел адамдар зейнеткерлікке 60 жастан шығатын болса, яғни ол 58 жастағы адам қатыса алатын еді. Келесі жылдан бастап 55 жасқа дейін ұзартып жатыр. 55 жастан бастап зейнетке шығатын ер адам болсын әйел адам болсын қатыса алады.