Freedom Insurance онлайн сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады

Жаман айтпай жақсы жоқ.

Егер көлігіңізді соғып алып жатсаңыз бұдан былай сақтандыру компанияларының есігін тоздырмай-ақ  өтемақыны онлайн, жедел түрде ала аласыз.

Еліміздегі ең беделді сақтандыру компанияларының бірі  Freedom Insurance онлайн сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру сервисін іске қосты. Бұл Қазақстандағы теңдессіз жобалардың бірі.

Көлік саны көбейген сайын жолдағы апаттың да арта түсетіні анық. Темір тұлпарыңызды біреу соғып кетсе немесе сіз біреуге соқтығыссаңыз сақтандыру компаниясына жүгінетініңіз белгілі. Алайда өтемақыны алу үшін біраз әуре-сарсаңға түсесіз. Ендігі жерде ешқайда бармай-ақ бар мәселені  5-6 күннің ішінде  шешуге болады. Ол үшін жол көлік оқиғасы болған жерден Freedom Insurance   сақтандыру компаниясының жаңа сервисі арқылы өтініш түсіру жеткілікті. 

Азамат Керімбаев, басқарма төрағасының кеңесшісі:

- Сақтандыру компаниядан ақша алу үшін 90 күн күтесіз. Ол бірінші. Екіншіден сақтандыру компаниясы  есепшотын жасаған кезде кейде суммасы келіспей қалады. Сондықтан сақтандыру нарығында біздің клиенттер 00 07 24 көңілі толмайды. Сондықтан біз бүгін сақтандыру саласына жаңа көзқараспен қарап, біздің  клиенттерімізге цифрлық сервисті ұсынамыз.

Электронды өтініш түсіру мен төлем алу туралы толық мәліметті dtp.kz сайтына кіріп біле аласыз. Сақтандыру төлемін екі тәсілмен алуға болады: өтемақы Freedom Bank картасына немесе кез келген басқа банктің  картасына  2-3 күн ішінде түседі.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры:

- Біздің басты арманымыз – нарықты сапалы өнімдермен толықтыру. Ол үшін адамдар сақтандыру төлемінің жылдам жасалуы мүмкін екенін және тиімді екенін білуі керек. Бұл коммерциялық жоба емес. Мақсатымыз онсыз да зардап шеккен көлік жүргізушілерінің төлем алу мәселесін жедел әрі сапалы түрде шешу.

Freedom Insurance сақтандыру компаниясы онлайн-автосақтандырудың үздігі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша нарықтағы үлесі 48% дейінге өскен. Бүгінгі таңда компания 600 мыңнан астам жеке тұлғаға қызмет көрсетеді. 

Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев