Қазақстанда жаңартылған Hyundai Palisade моделінің сатылымы басталады

Кроссовер жаңа массивтік радиатор торына, футуристік жеңіл балқығыш дискілерге, өзгертілген алдыңғы және артқы бамперлерге және күндізгі жүріс шамдарының тік жолақтары бар «екі қабатты» дизайнды сақтап қалған жаңартылған бас оптикаға ие болды.

Салонда да айтарлықтай өзгерістер бар – мультимедиялық жүйенің экраны үлкейтіліп, өлшемі 10,25-тен 12,3 дюймге дейін ұлғайтылды. Жаңа руль дөңгелегі пайда болды. Диагоналы 12,3 дюйм Supervision цифрлық аспаптар тақтасы жақсартылған графикаға ие болды – көрсетілетін мәтіндік ақпарат айқынырақ, ал бейненің сапасы жоғарырақ болды.

Palisade-тың басты ерекшелігі – жеті немесе сегіз орынды конфигурациясы бар кең салоны. Екінші қатарда «капитандық» креслолар үшін желдету, ал үшінші қатарда жылыту опциясы қолжетімді. Артқы жақта жолаушылардың өздері басқаратын климаттық бақылау, смартфондарды зарядтауға арналған слоттар және есіктерде сыйымды қалташалар бар. Үшінші қатарда толыққанды балалар креслоларын орнатуға арналған IsoFix қондырғылары бар.

Жаңартылған Palisade үшін Calligraphy премиумды пакеті қолжетімді. Ол салонының жоғары сапалы әрленуімен (орындықтар мен орталық консоль), цифрлық орталық айнасымен және бүйірлік тірегі бар 2-ші қатардағы бас сүйегіштерімен ерекшеленеді. Сыртқы жағынан Calligraphy пакетіндегі кроссоверді эксклюзивті 20 дюймдік жеңіл балқығыш дискілері, басқа радиатор торы, ауа тартқыштары және басқа да бөлшектері бойынша ажыратуға болады.

Palisade жүргізушіге көмек көрсетудің озық жүйелерінің кешенімен жабдықталған: соқыр аймақтарды бақылау жүйесі, айналдыра шолу жүйесі, артқы орындықтарда жолаушылардың болуы туралы ескерту функциясы, қиылыстардан өткен кезде көмектесу функциясы бар алдынан соқтығысуды болдырмау жүйесі (FCA), қозғалыс жолағында ұстау жүйесі, қараңғы уақытта жаяу жүргіншілерді ескертетін бағыттаушы шамдар.

Palisade моделі қазіргі уақытта қуаты 277 а.к. бензинді 3.5 MPi қозғалтқышымен ұсынылған, онымен сіз асфальтта және одан тыс жерде өз басымдығыңызды сезінесіз.

Hyundai Palisade қазақстандық Hyundai Trans Kazakhstan зауытында шығарылады. Компания автомобильге кеңейтілген кепілдік береді – 5 жыл немесе 100 000 км жүрілген жол. Сонымен қатар қазір жаңа Hyundai автокөлігін сатып алу кезінде 5 техникалық қызмет көрсету сыйлыққа арнайы науқаны әрекет етеді.

Қазақстанда жаңартылған Hyundai Palisade бағасы базалық нұсқасы үшін 25 590 000 теңгеден басталады, ал Calligraphy жиынтықталымы үшін – 28 590 000 теңгеге дейін.